Ержан Досымбеков
Алматы
Басқарушы Серіктес

Ержан Досымбеков

Тәжірибесі

Ержан мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібі, металлургия және өндіріс, сондай-ақ банктер, сақтандыру, зейнетақы қорлары және басқа да компанияларды қоса алғанда, қаржы ұйымдары сияқты салаларда үлкен аудиторлық және консалтингтік тәжірибеге ие.

Ernst & Young (1999 – 2002 жж.), Deloitte (2002-2003 жж., 2005-2006 жж.) және Grant Thornton-да (2011 – қазіргі уақытқа дейін) жұмыс жасау кезінде Ержан көптеген ірі компаниялардың аудиті мен консалтингіне қатысты, соның ішінде: «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ, «PSA» ЖШС, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Даму» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «КЕГОК» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Altyntau Resources» АҚ, Арселор Миттал Теміртау, Теңізшевройл, «PSA» ЖШС, «Қазмырыш» ЖШС, EBRD, ЮНИСЕФ, «Рио ТинтоМайнинг энд Эксплорейшн ЛТД» АҚ, «Шелл», «Оман Ойл Лимитед», «ҚазМұнайТеңіз» ҰКМ ЖШС, «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС, «Технодом», «Frontier Mining» ЖШС, «Беккер және Ко» ЖШС, «Жамбыл цемент» ЖШС (Vicat Group) және тағы басқалар бар.

Ержан индустрияда айтарлықтай тәжірибеге ие. 2003-2005 жылдары ол «ПетроҚазақстан»-да маркетинг және шикі мұнайды тасымалдау саласындағы ақша ағындары мен есепке алуды бақылап, Сарбанс-Оксли (SOX) актісі бойынша бақылау жүйесін құруға жәрдемдесті.

Сондай-ақ Ержан ірі қазақстандық холдингтік компанияның қаржы директоры болып жұмыс істеді (2006-2010).

Біліктіліктері

CPA, Штат Мэн, АҚШ, 2005 ж.

Қазақстан Республикасының білікті аудиторы, 2012

Салық кеңесшілері палатасының мүшесі, 2016 ж.

Физика маманы, Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ, 1996 ж.

МБА, КИМЭП, 1999 ж.

Қызметтер

Аудит

Консалтинг

Өнеркәсіп

Денсаулық сақтау

Коммерциялық емес сектор

Технологиялар

Қаржы қызметтері

Энергия және Ресурстар

Read more
Connect
Ержан Досымбеков
Басқарушы Серіктес
Ержан Досымбеков
Meet our People