Игорь Угай
Алматы
Кеңес беру қызметтері бойынша серіктес

Игорь Угай

Игорь Grant Thornton-ның (Қазақстан) кеңес беру қызметтері бойынша серіктесі болып табылады.

Grant Thornton, Ernst & Young (13 жылдан астам) халықаралық компанияларында жұмыс істеген кезінде Игорь Ішкі аудит және ішкі бақылауларды бағалау, дью дилиженс, бизнес-аналитика және операциялық тиімділікті жақсарту, қаржылық есептілік аудиті және мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке компаниялар үшін алаяқтықты тергеу жобаларының жетекшісі болды. Оның тәжірибесі 100 ден астам сәтті аяқталған кеңес беру жобаларын қамтиды.

Schlumberger (10 жыл) компаниясында жұмыс істеген уақытта Игорь Еуропалық өңірде (Румыния, Германия, Франция, Италия, Венгрия, Түркия және т.б.), Орталық Азия елдерінде (Өзбекстан, Түркменістан) және Атырауда (Қазақстан) жұмыс істей жүріп әр түрлі қаржылық лауазымдарды (CFO, бизнес-бақылаушы, ішкі аудитор) атқарды.

Оның салалық тәжірибесі мынадай индустриялардағы жобаларды қамтиды: энергетика (пайдалы қазбаларды өндіру, энергия өндіру және беру), сауда (көтерме, бөлшек), қызметтер көрсету (мұнай сервисі, телекоммуникация, Fintech, қаржы, коммерциялық алаңдарды жалға беру), өндіріс, логистика, ауыл шаруашылығы, фармацевтика және басқалар.

Игорь халықаралық және жергілікті кеңесшілердің жобалық топтарын тиімді басқаруда үлкен тәжірибеге ие және бизнес-қосымшаларды кеңес беру қызметтерімен тиімді интеграциялауды белсенді қолдайды.

Жұмыс кезінде Игорь көптеген клиенттер үшін жобаларды сәтті жүргізді, соның ішінде, бірақ бұлармен шектелмей:  ҚР Ұлттық экономика министрлігі, "Самұрық-Қазына" ҰБ қоры, ҚазМұнайГаз, Қазатомөнеркәсіп, Еурохим, Қазақстан темір Жолы, Қазпошта, Бәйтерек, Даму, Теңізшевройл, Норт Каспиан Оперейтинг Компани, PSA (Қарашығанақ, Дунга), Каспий Құбыр Консорциумы, Shell, Oman Oil, ERG, BHP Billiton, Арселор Миттал Теміртау, БК Инкай, Востокмашзавод, EBRD, World Bank, Иволга, KASE, Технодом, Қазтранском, Etihad Airways, Kaspersky және басқа да көптеген компаниялар.

Біліктілігі

Басқарушылық есеп саласындағы сертификатталған бухгалтер (CMA)

MBA/ Қаржы, КИМЭП, 1998-2000 г.

Қызметтер

Аутсорсинг

Консалтинг

Өнеркәсіп

Қонақ үй бизнесі және туризм

Денсаулық сақтау

Жылжымайтын мүлік және құрылыс

Коммерциялық емес сектор

Тұтыну тауарлары

Технологиялар

Қаржылық қызметтер

Энергия және Ресурстар

Read more
Connect
Игорь Угай
Кеңес беру қызметтері бойынша серіктес
Игорь Угай
Meet our People